|
Өзбектер әлемнің 65 еліне тоқыма өнімдерін экспорттап, қырауар табыс табады
|
Өзбекстан республикасының статистикалық агенттігі кельірген дерекке қарағанда, өткен жылы (2023) өзбек жұрты әлемнің 65 еліне жалпы сомасы 3,1 млрд долларды құрайтын тоқыма өнімдерін экспорттаған. Бұл көрсеткіш әлемдік тоқыма өнімдері экспортының 12,5%-ын құрайды. Бұл жайында islam.kz порталы kun.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Экспортталатын тоқыма бұйымдарының негізгі үлесін дайын тоқыма бұйымдары (41,0%) және мақта жіптері (41,1%) алып отыр. Жыл басынан бері 65 елге тоқыма бұйымдарының 639 түрі экспортталды. Нәтижесінде тоқыма экспортының көлемі өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті.
Оның ішінде (АҚШ долларымен):
- дайын тоқыма өнімдері – 1,3 млрд;
- иірілген жіп – 1,3 млрд;
- трикотаж – 306,6 млн.;
- мата – 176,5 млн.;
- шұлық – 61,1 млн.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді