Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
16 сағат бұрын 200 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанда 1200-ге жуық аз қамтылған отбасы Yorkin Xonadon әлеуметтік жобасының қорытынды кезеңі аясында күн панелдерін тегін алады, оның жалпы бюджеті 20 миллион долларды құрайды. Бұл жайында islam.kz порталы Kun.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетудің аталмыш жобасы (мемлекет қаазынасынан 20 млн доллар бөлінген) Қарақалпақстан республикасында, Самарқан және Бұхар өңірлерінде 1 197 отбасын күн жүйесімен қамтамасыз етуге бағытталған. Қондырғылардың 65% -ға жуығы Қарақалпақстанда орындалады, ал алушылар тізімі «Темір дәптері» тізілімі негізінде өңірлік әкімшіліктермен бірлесіп жасалады, деп хабарлады Өзбекстанның энергетика министрлігі. Бірегей жобаны энергетика министрлігі ACWA Power және China Southern Power Grid International (CSGI) бірлесіп іске асыруда. Күн панелдері тұрмысы төмен отбасылар мен әлеуметтік мекемелерге электр энергиясына жұмсалатын шығындарды азайтуға көмектеседі. Инфрақұрылымға мектептер, балабақшалар мен ауылдық медициналық орталықтар кіреді. Өзбекстандағы ACWA Power компаниясының жетекшісі Жон Зайыт бұл бастама, сондай-ақ, үй шаруашылықтарына артық электр энергиясын желіге сату арқылы қосымша табыс табуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. ACWA Power Өзбекстанда 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Энергетика министрлігінің мәліметінше, компания елде жалпы қуаты 13,9 ГВт және жалпы мөлшері 16,5 миллиард доллар болатын 19 жобаны іске асыруда. Оның Өзбекстандағы жобалары жел және күн энергетикасын, энергияны сақтау жүйесін, электр энергиясының қалыптасқан өндірісін және жасыл сутек өндірісін қамтиды.

0 пікір
Мұрағат