|
Өзбектер кітап оқыған тұтқындардың жаза мерзімін қысқартады
|
Өзбекстан сенаты кітап оқыған тұтқындардың жаза мерзімін қысқарту жөніндегі заңды мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің заң шығарушы органының баспасөз қызметіне жөн сілтеген kun.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада республиканың рухани және ағарту орталығы бектікен әдебиеттер турасында сөз болып отыр. Мұндай әдебиеттер өз кезегінде жазасын өтеушінің рухани-өнегелі құндылықтармен сусындатады. Былайша айтқанда, мұндай шара тұтқынды түзету шарасы ретінде қарастырылады. Арнайы жасақталған комиссия әрбір оқылған кітап үшін тұтқынның жаза мерзімін үш күнге дейін қысқарта алады. Бір жылда 30 күннен асырмайды – тұтқынның жаза мерзімін қысқартуда. Яғни, тұтқындар жылына бір айға дейін жаза мерзімін қысқартуға мүмкіндік алады. Осы мақсатта қылмыстық кодекске 70-1 бабы енгізілді. Бұл түзету жаза мерзімін толық өтеуі тиіс шамамен 13, 5 мың тұтқынға қатысты қолданылады. Ал өмір бойы бас бостандығынан айырылғандарға бұл ереже жүрмейді. Қазіргі өзбектердің түзету мекемелеріндегі кітапхана қорында 214 мыңнан аса кітап бар. Олардың дені өзбек, ағылшын, орыс тілдеріндегі кітап. Көзі көрмейтіндер үшін Брайл қарпімен таңбаланған кітаптар да кездеседі.