Өзбектер мерзімі өткен дәрі-дәрмек саудасын бұғаттайтын жүйеге көшеді
Өзбектер мерзімі өткен дәрі-дәрмек саудасын бұғаттайтын жүйеге көшеді
2 ай бұрын 847 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2026 жылдың наурыз айының 1-нен бастап Өзбекстанда белгі соғылған тауарлардың арасындағы мерзімі өтіп кеткендерінің сатылымы автоматты түрде кассада немесе дәріханаларда бұғатталатын болады. Бұл жайында islam.kz порталы kun.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, мерзімі өткен тауарлар кассадан өтпейтін болады. Жүйе автоматты түрде мерзімі өткенін анықтайды. Өзбекстан президентінің «Тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қазандағы № 296 қаулысына сәйкес 2026 жылдың наурыздың бас кезінен бастап жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, цифрлық таңбасы бар тауарларды сату осы жүйе арқылы автоматты түрде шектеледі. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңда қарастырылған талаптарға сәйкес өндірілген күні мен жарамдылық мерзімі көрсетілмеген тауарларды, сондай-ақ, мерзімі өткен тауарларды қабылдауға және өткізуге тыйым салынады. Қолданыстағы ережеге сәйкес тауарды таңбалаудың сандық кодын енгізу кезінде өндірушілер мен импорттаушылар «Asl belgisi» автоматтандырылған жүйесіне енгізу үшін «CRPT Turon» жауапкершілігі шектеулі қоғамға өнім туралы толық деректерді ұсынуға міндетті. Бұл мәліметтер атауын, құнын, санын, өндіріс күнін, жарамдылық мерзімін және басқа да параметрлерді қамтиды. Мысалы, тауарды сату кезінде бөлшек саудадағы кәсіпкер таңбалау кодын 2D-сканердің көмегімен сканерлейді. Егер жарамдылық мерзімі аяқталса, «Asl belgisi» жүйесі тиісті хабарламаны жібереді және онлайн-касса экранында «Тауардың жарамдылық мерзімі аяқталды» деген хабарлама пайда болады. Аталған елдің салық комитетінің өкілдері түсіндіргендей, жүйеде тауар «бұғатталған» деп белгіленгеннен кейін өндіруші немесе дүкен иесі бүлінген тауардың құнын есептен шығаруға міндетті. "Егер тауарлардың жарамсыздығы анықталса, міндетті түрде түгендеу процедурасын жүргізу қажет. Оның нәтижелері бойынша есептен шығару туралы акт ресімделеді. Тауарлардың бүлінуінен болған шығындар кәсіпорынның басқа да операциялық шығыстарына жатқызылады (9430 шоты) ", - делінген салық комитетінің түсіндірмесінде.

0 пікір
Мұрағат