|
Өзбектерге 91,28 млн текше метр табиғи газды үнемдеуге мүмкіндік беретін Орта Азиядағы алып ГЭС құрылысы басталды
|
Биіктігі 50 метрлік бөгет құрылысы үшін Ташкент облысының Бостанлық ауданындағы Шатқал өзенінің арнасы жабылды. Су электр стансасы әрқайсысының қуаты 22,5 МВт болатын төрт гидроагрегаттан тұрады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Гидротехникалық құрылыстың белгіленген қуаты 90 МВт құрайды, ГЭС жылына орта есеппен сағатына 292 млн кВт электр энергиясын өндіреді. Электр стансасы толық қуатында жұмыс істей бастағанда Өзбекстанға 91,28 миллион текше метр табиғи газды үнемдеуге мүмкіндік бермек. Бұл бірегей нысанның құрылысы 2025 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады