Пайғамбар мешітіндегі жамағат қайда асықты? (ВИДЕО)
Пайғамбар мешітіндегі жамағат қайда асықты? (ВИДЕО)
10 жыл бұрын 7302

Сауд Арабиясы билігі интернет кеңістігінде кең тарап кеткен бейнежазбаға қатысты  түсініктіме берді. Жазбада Мәдина қаласындағы пайғамбар (с.а.с.) мешіті ішінде жамағат бір тарапқа жүгіріп жатқанын байқауға болады.

Пайғамбар мешіті күзет қызметінің баспасөз хатшысы хабарлағандай, бейнероликтегі мұсылмандардың асыға жүгіруі ешқандай да төтенше жағдайдан хабар бермейді. Мешітте оқыс уақиға орын алмаған.

Оның айтуынша, әдетте әйелдерге құлшылық етуге бөлінген уақыт бітісімен ортадағы қалқан алынады. Осы уақытта әйелдерден соң құлшылық залы ерлерге толады. Ал мұсылман ерлердің көпшілігі намазды пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) қабіріне жақынырақ маңда оқу үшін тезірек алдыңғы сапқа жету мақсатымен жүгіреді екен.

Арнайы қызмет өкілі адамдарға қолайлы жағдай жасау үшін мешіт аумағы бойынша келушілер толқынын кезең-кезеңмен реттеуге бағытталған іс-шаралар атқарылатынын хабарлады.

 

0 пікір
Мұрағат