|
Пайғамбарымызды (с.а.у.) абақтыға жаппақ болған министр қызметінен қуылды
|
Мысырдың әділет министрі Ахмед Зинд елдегі телеарналардың бірінде эфирден исі мұсылманның көңіліне келетін өрескел мәлімдеме жасағаны үшін қызметінен қуылды. Нақтырақ айтқанда, заңды бұзатын болса, Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өзін де темір тордың аржағына тоғытатынын мәлімдеген болатын. Бұл жайында «Би-би-си» ақпарат көзінің орыс қызметі хабар таратты. Десе де, ол дереу тәубесіне келіп: «Алла өзің кешір мені», - деп қалды. Келесі күні ресми түрде кешірім сұрады. Десе де ел премьері оны лауазымды қызметінен шеттетті. Мысырдың сот қауымдастығы ел премьерінің бұл шешімін сынға алып, аузынан абайсызда шығып кеткен сөзі үшін жұмыстан шеттетудің дұрыс еместігін жеткізді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді