
Пәкістан 450 шақырымға ұшатын зымыранын сынақтан сәтті өткізді
|

Пәкістан әскерилері мен инженерлері «X-Indus» әскери жаттығу барысында «Абдалы» (Abdali) деп аталатын зымыран кешенін сынақтан сәтті өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. “Жер-жер” класына жататын, 450 шақырым қашыққа ұша алатын зымыран көздегенін мұүлт жібермейді. Бұл сынақ жедел дайындықты пысықтау мен навигациялық жүйенің сенімділігін тексеру мақсатында жүргізілген. Жоғарғы әскери басшылар мен ғалымдар сынақты өз көздерімен бақылады. Оқу-жаттығу полигонына құрлық әскерінің стратегиялық күштерінің командирі мен басшылық құрам қатысты. Президент Әіп Зардари мен премьер-министр Шехбаз Шәріп инженерлер мен сарбаздарды осынау детістігімен құттықтады. Олар Пәкістанның қорғаныс қабілетіне толық сенім білдірді.





