Пәкістан әйелдерді ерлерсіз қасиетті сапарға аттандырудың жолын ойластырды
Пәкістан әйелдерді ерлерсіз қасиетті сапарға аттандырудың жолын ойластырды
1 сағат бұрын 39 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістан билігі биылдан бастап қажылыққа тасымалдайтын жекеменшік операторларға ережені күшейтетінін жариялады. Бұған өткен жылғы қажыларды қасиетті мекенге жеткізу кезінде жаппай орын алған олқылықтар себеп болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы hajjreporters.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ел билігінің мұндай қадамы зардап шеккен қажылардың қаражатын тиімсіз жұмсалуының алдын алу үшін қолға алынып отыр. Дін істері жөніндегі федералды министр Сардар Мұхаммед Жүсіп жекеменшік қажылыққа қатысты квотаның тоқтатылғанын әрі премьер-министр Шебхаз Шәріптің пәрменімен тергеу жүргізілгенін жеткізді. Министрдің айтуынша, өткен жылы 60 мың қажы жекеменшік операторлардың кесірінен қасиетті сапарға аттана алмай қалған. Билік 2025 жылы қасиетті сапарға аттана алмай қалғандарға 3,5 миллиард рупия (12,5 миллион доллар) қайтарылғанын растады. Пәкістан, сондай-ақ, Сауд Арабиясы тарапынан жалпы қажылық ұйымдары үшін «Үздік жетістіктері үшін» сыйлығын алғанын да мәлімдеді. Сондай-ақ, ұмра мен басқа да рухани саяхатқа арналған жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Министр жалғыз саяхаттайтын әйелдер үшін жаңа ереже талаптарына тоқталды - енді ерлердің қамқорынсыз қажылыққа баратын әйелдер үшін сертификатталған топтар құрылатынын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат