Пәкістан жасанды зерде технологиясын қатысты саясатын жүзеге асырады
Пәкістан жасанды зерде технологиясын қатысты саясатын жүзеге асырады
4 ай бұрын 597 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістан билігі жасанды зердеге қатысты ұлттық саясатын бекітті. Бұл жайында islam.kz порталы block-chain24.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пәкістан билігінің бұл қадамы ел экономикасын трансформациялау үшін жасалып отыр. Бұл тараптағы саясат жасанды зерденің экожүйесін құруға бағытталған. Осы мақсатта жергілікті кәсіпкерлерден және шетелден инвестиция тарту көзделіп отыр. Бұдан бөлек, жоғары технологиялы өнімдер мен қызметтерді экспорттау  жоспарланып отыр. Осы стратегия аясында жаңа жұмыс орындарын ашуды ұйғаруда. Алдымен АІ мамандарын даярлауға басымдық беріледі. 2030 жылға дейін жаңа технология саласында 1 млн маман оқытылады. Ол үшін жоғарғы оқу орындары мен компанияларда арнайы білім беретін орталықтар ашылады. Бұған қоса, инновациялық хабтар құрылуы тиіс. Пәкістан билігі жасанды зерде технологиясы бойынша Парсы шығанағы елдерімен және дамыған мемлекеттермен әріптестік орнатуға күш салады. Пәкістан, бейнелеп айтқанда, АІ өнімдерін тұтынушы емес, өндіруші мемлекетке айналу мақсатын алдына қойып отыр. Технологиялық жобаларды, стартаптарды, платформаларды қамтитын салаларға салықтық жеңілдік қарастырылуы мүмкін. Заман көшінен қалмау, уақыт тынысымен санасу үшін жасанды зерде технологиясын барлық салаға батыл енгізетін кез келген шараға басымдық берілмек.

0 пікір
Мұрағат