Пәкістанда психикалық денсаулық сақтау саласындағы дағдарыс тереңдеп келеді
Пәкістанда психикалық денсаулық сақтау саласындағы дағдарыс тереңдеп келеді
9 ай бұрын 1156 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістанда миллиондаған адамның психикалық ауытқуға ұшырағанына әлі күнге билік тарапынан жете көңіл бөлмей келеді. Соның кесірінен мұндай дертті емдеу мен профилактикасына ресурс жетіспейді. Бұл жайында islam.kz порталы The Nation UAE ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келтірген дерегіне қарағанда, Пәкістан халқының 34%-ы, дәлірегі, шамамен 67 млн тұрғыны психикалық ауытқудан зардап шегеді. Соның ішінде күйзелістен бастап шизофренияға дейін ауыр түрлері белең алған. 2017 жылы бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, пәкістандықтардың 50%-ның, әсіресе, жастардың психикалық денсаулығы төмен болып шыққан. Бұл проблема суицид секілді жат құбылысқа ұласып, жыл сайын 8000-ға тарта пәкістандық өз-өзіне қол жұмсайды. Өкініштісі, аталған елде психикалық денсаулыққа азаматтар немқұрайды қарайды, көбінесе бұл дертті жаратылысының әлсіздігінен көреді немесе соқыр сенімнен, ырымнан туған құбылыс, деп қарайды. Яғни, медициналық жағдай екенін түсіне бермейді. Аталмыш республикада 240,5 млн. ддамға шаққанда 5 мың кәсіби психиатр жұмыс істейді және олар қалалық жерлерде шоғырланған. Ауылдық жерде мұндай қызмет жоққа тән.

0 пікір
Мұрағат