Пәкістанның цифрлы активіндегі шариғи кеңестің міндеті қандай
Пәкістанның цифрлы активіндегі шариғи кеңестің міндеті қандай
4 ай бұрын 700 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістанның мемлекеттік банкі (SBP) елдің орталық банкінің цифрлы валютаны (CBDC) әзірлеуге жапон компанияларын таңдағаны турасында хабарланды. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда өткен айда Пәкістан билігі виртуалды актив туралы заңнаманы бекіткенін айта кетпекпіз. Блокчейн технологиясын әзірлеумен айналысатын күншығыс елінің Soramitsu SBP компаниясы Пәкістанда CBDC-ті енгізу жөніндегі пилоттық бағдарламамен жұмыс істейтін болады. Шілде айының 9-ы күні қабылданған аталмыш заңнамада виртуарлы активтерді реттеумен шұғылданатын арнайы басқарманың (PVARA) құрылуы қарастырылған. Бұл басқарма бүкіл ел бойынша виртуалды актив қызметтерін ұсынатын ұйымдаржы лицензиялауға және мониторингілеуге жауапты тәуелсіз федералдық орган. Жаңа заңда көзделген талаптарға сәйкес осы сектордағы барлық қызмет көрсетуші ұйымдар жұмысын заңдастыруға мүмкіндік беретін тиісті лицензияны алуы, тіркелуі керек. Заң, сондай-ақ, инновацияларды көтермелеу және жаңа технологияларды қадағалау бағытында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, шариғат жөніндегі кеңестік комитет виртуалды активтер өнімдерінің исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігіне қатысты жетекшілік ететін болады. Заңда, сондай-ақ, PVARA шешімдеріне шағымдарды қарау үшін Виртуалды активтер жөніндегі апелляциялық трибуналды құру да көөзделген. Бұл трибунал тәуелсіз әрекет етеді және оған құқық, қаржы және технология саласындағы сарапшылар кіреді. Пәкістанның бұл қадамы Қытай, Үндістан, Нигерия және Парсы шығанағының бірнеше елдері блокчейн негізінде цифрлық төлем жүйелерін зерттейтін осындай қадамдармен үйлеседі. 

0 пікір
Мұрағат