|
Пәкістанның валюталық қоры алғаш рет 20 млрд доллардан асты
|
Тарихта алғаш рет Пәкістанның валюталық қоры 20 млрд доллардан асты. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пәкістанның мемлекеттік банкі рекордты жаңғыруды ел экономикасының маңызды кезеңіатап, өздерінің жыл сайынғы есебінде жариялады. Ресми дереккге сәйкес SBPрезервтері шілдеде айының 4-і күнгі жағдай бойынша 14,502 млрд. долларға жетті. Бұл көрсеткіш бір аптада валюта қорының 1,774 млрд-қа өскенін білдіреді. Сонымен қатар, коммерциялық банктердің резервтері 163 млн-ға артып, нәтижесінде олардың жалпы сомасы 5,526 млрд долларды құрады. Қысқасы, елдегң валюта қорының жиынтығы осы аптада 20,028 млрд долларға жеткен. Сарапшылар мен қаржыгерлердің айтуынша, тұтастай алғанда мұндай жетістік халықаралық қаржы институттары қаражаты есебінен, шетелдегі пәкістандықтардың елге аударған ақша есебінен, жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларға инвесторлар тарапынан білдірілген сенім есебінен орын алып отыр. Осы орайда мемлекеттік банк көрсеткіштерінің өсуі экономикалық тұрақтылықтың әрі үкімет жұмысының тиімділігінің барометрі ретінде бағаланады. Валюта қоры неғұрлым мол болса, импорт үшін қуатты буферді қамтамасыз етіп, сыртқы қарыз міндеттемелерін басқаруға көмектеседі, сондай-ақ, валюта нарығындағы ұлттық төл ақшаның тұрақтылығына ықпал етпек. Бұдан бөлек, инфляция деңгейіне қысымды азайтуға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз:
Тарихта тұңғыш рет: Пәкістанның жалпы ішкі өнімі 400 млрд доллардан асты
Шетелдегі пәкістандықтар отанына биыл 38,3 млрд доллар ақша аударып, рекорд орнатты