|
Парсы елдерінің өз «Шенген аймағы» пайда болуы мүмкін
|
Келесі жылдың басынан бастап, Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше мемлекеттерде туристерге бірыңғай виза берілуі мүмкін. Бұл виза туристерге өз кезегінде Парсы шығанағындағы алты елдің аумағында болуға мүмкіндік береді. Аталмыш кеңестің ресми өкілінің сөзіне қарағанда, жаңа ереже Еуропалық одақтағы Шенген аймағына ұқсас үлгіде енгізіледі.Парсы шығанағы елдерінің бұл шарасы аталған аймақта туристік саланы жандандыру мақсатында қолға алынып отыр. Айта кетейік, бүгінгі таңда аталған аймақтың жалпы ішкі өнімінің 15 пайызын туристік саладан түскен табыс құрап отыр. 2018 жылы туризмді дамытуға қосымша 380 миллиард долларға жуық қаражат бөлінеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді