|
Перзентханада азан шақырып, ат қоятын бөлме ашылды
|
Дағыстанның Қасабиурт қаласындағы перинаталды орталықта жаңа туған шаранаға мұсылман ғұрпымен азан шақырып, ат қоюы үшін арнайы бөлме ашылды. Азан шақырылатын бөлменің ашылу салтанатына қалалық имамдар кеңесінің жетекшісі Қазым Темірболатов, аталған аудан имамы Ражаб Ханмырзаев, «Инсан» қайырымдылық қорының өкілдері қатысты. Олар балаға азан шақырып ат қоюдың маңыздылығын тілге тиек етті. Сондай-ақ. Перинаталды орталықтың бас дәрігеріне осындай бөлменің ашылуына атсалысқаны үшін алғыс хаты табыс етілді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ыстық суда өсіп, биология заңдылығын жоққа шығаратын тіршілік иесі анықталды (видео)
■
Биоинженерлер кәрі жасушаларды жасартудың жолын тапты
■
Банк туралы заң жобасынан ислам ипотекасына жол ашатын норма түсіп қалған — Ләззат Ибрагимова
■
Араб елінің қолөнері мұхит асып жатыр
■
Жарылғыш көпіршіктермен іске қосатын микроботтар жасалды (видео)