|
«Pfizer» компаниясы дәрілерін өлім жазасына қолдануға тыйым салды (видео)
|
Америкалық «Pfizer» компаниясы өзі шығаратын дәрілерін өлім жазасын жүзеге асыру үшін қолдануға тыйым салды. Компания жариялаған мәлімдемеде ол дәрілерді адам өлтіру үшін емес, керісінше, өмірлерін сақтау үшін шығаратыны айтылған. Енді АҚШ-тың пенитенциарлық жүйесі өлім жазасына қолданылатын дәрілерден мүлдем айырылатын түрі бар. Осыған дейін АҚШ пен Еуропаның 20-дан аса фармацевтикалық компаниясы тап осындай тыйым салған еді. Ажалға әкелетін дәрі егу АҚШ-та өлім жазасын жүзеге асырудың ең жиі қолданылатын әдісі. Фармацевтикалық компаниялар бұл мақсатта дәрілерін сатудан бас тартқандықтан, үкімет өлім жазасының өзге тәсілдерін қолдануға мәжбүр. 1849 жылы құрылған «Pfizer» әлемдегі ең ірі фармацевтикалық компаиялардың бірі саналады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Еуроодақ атылатын қарулар мен 3D-принтерінде басылған қарулар бойынша қылмыстық жауапкершілік енгізейін деп жатыр
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Құлдық индексі, бала сату және «алтын үшбұрыш»: Қазақстанның адам саудасымен күресі
■
Қазақстан Орталық Азияда тағы бір саланың тұңғыштар тізімін толықтырды