|
Пртоекционизмнің кесірінен әлемдік экономикаға төнер қауіп немесе қаржы дағдарысы
|
Дүниежүзілік банктің топшылауынша, таяу жылдары тағы қаржы дағдарысы орын алады. Тағы дейтініміз, әлемдегі аса ірі қаржы дағдарысы — 1975, 1982, 1991 және 2009 жылдары орын алған болатын. Яғни, дағдарыстан ес жимай жатып, келесісі еңсені езіп кетеді. Бұл жайында аталған бүкіл әлемдік қаржы институтының "Ғаламның экономикалық келешегі (перспективасы)" атты шолуында мәлім еткен. Нақтырақ айтқанда, 2019 жылдан соң қаржы дағдарысы басталуы мүмкін. Мәселен, 2017-2018 жылдары әлемдік экономика жылына жалпы ішкі өнімге шаққанда 3,1 пайызға артса, 2020 жылы бұл көрсеткіш жылына жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,9 пайызға кемиді. Экономикалық өсімнің тежелуіне негізінен протекциялық саясат себеп болмақ. "Протекционизм қатері экономикалық өсімге қара бұлт болып үйірілуде. Егер бұл сауда соғысына ұласса, онда оның салдары ауыр болмақ",- деп мәлімдеді осы орайда Дүниежүзілік банктің бас экономисі міндетін атқарушы Шантаянан Девараджан. Әлемді экономикаға қатер төндірген сауда соғысы мен протекционистік саясаттан бөлек, дамушы елдер экономикасының дефольтқа ұшырау ықтималдығы да, АҚШ-тың ақша-несие саясатын қатаңдатуы да, сондай-ақ, мемлекеттік және жекеменшік секторлардың қарыз мөлшерінің тым ұлғайып кетуі де қауіп төндірмек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді
■
Рамазан айының соңғы он күнін Сауд Арабиясында өткізгісі келетіндер алдын ала тіркелуі тиіс
■
Пакеттер мен тауар қаптамаларында Алланың 99 есімін жазуға (басуға) тыйым салынады