Путин Құранды жүгенсіз кеткен шенеуніктерден қорғады
Путин Құранды жүгенсіз кеткен шенеуніктерден қорғады
10 жыл бұрын 6290

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин қасиетті мәтіндерді экстремистік материал ретінде тануға тыйым салу жөніндегі заң жобасын мемлекеттік думаның қарауына енгізді. Заңмен қорғалуы тиіс қасиетті мәтіндердің қатарында Құран, Інжіл, Танах және Ганджур бар. «Інжіл, Құран, Танах және Ганджур, олардың мазмұны мен цитаталар экстремистік материал ретінде танылмауы тиіс»,- деп айтылған аталыш заң жобасында. Егер аталған заң жобасы қабылданатын болса, экстремистік іс-әрекеттерге қарсы тұру туралы заңға өзгерістер енгізіледі. Айта кетейік, үстіміздегі жылдың тамыз айының 19-ы күні сот төрайымы Наталья Перченко прокурор Татьяна Билобровецтің арызы негізінде «Құдайға дұға ету: Ислам дініндегі оның мәні ен маңызы» деп аталатын кітапты экстремизмді насихаттаған деп танып, солақай үкім шығарған еді. Соның ішінде «Саған ғана құлшылық етіп, Сенен ғана жәрде сұраймыз» деген «Фатиха» сүресінің аяты да және «Аллаға серік қоспаңдар» деген «Жындар» сүресінің аяты да экстремистік деп танылған болатын.

0 пікір
Мұрағат