|
Қайтыс болғандарды ақтық сапарға шығарып салу кезінде ойналатын азалы әуен өзге сазбен алмастырылады
|
Түркияда әдетте қайтыс болған адамды ақтық сапарға шығарып саларда ойналатын әлемге әйгілі Шопеннің «Азалы маршын» османлы сазгері Итридің «Тәкбірімен» алмастырылатын болды. Аталған елдің дін істеріне жауапты басқарма басшысы Мехмет Гөрмездің айтуынша, османлы сазгерінің туындысы марқұм болғандарды ақтық сапарға шығарып салуға арналғандай. Фредерик Шопеннің бұл туындысынан бас тартуына әлдебір жерлеу рәсіміне қатысқандардың өздері осы әуеннің тоқтатылуын талап еткені себеп болған еді. Қаралы жиында Түркияның Қарулы күштерінің бір өкілі оркестрден Шопеннің азалы туындысын ойнауды тоқтатуды талап еткен. Оркестр ойнауын доғарған кезде жерлеу рәсіміне қатысқандар марқұмға дұға тілеген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2025 жылы 83 ауыл тарап кетті, ал 25 жылда 1,8 мың ауыл жойылған. Қазақстанда 90 елді мекен қала мәртебесіне ие
■
Байкот жарияланған McDonald’s мұсылмандардың көңілін жаулап алу қамына кірісті
■
Әлеуметтік желідегі бүркеншек парақшалар бұғатталады
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Әлемге әйгілі компания бизнес құрылымын өзгертеді