Қажылыққа қандай ауруы бар адамдар жіберілмейді
Қажылыққа қандай ауруы бар адамдар жіберілмейді
2 ай бұрын 899 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының қажылық және ұмра министрлігі арнайы медициналық құжаты бар адамдардың қажылыққа виза рәсімдей алатынын ресми хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Nusuk Masar» ресми платформасы арқылы берілетін, денсаулығының жарамдылығын растайтын құжаты барлар ғана қажылық парызын өтей алады. Бұл шара ең алдымен кісі қарасы көп қажылық кезінде науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрі өзге қажылардың денсаулығын сақтау мақсатында қолға алынып отыр. Осыған байланысты аталған араб елінің денсаулық сақтау министрлігі қажылық парызын өтегісі келетіндердің барлығын медициналық тексеруден өткізуге пәрмен берді. Тиісті орындарға. Қажылық жөн-жоралғысын өтеуге шамасын келтірмейтін ауруға шалдықпағаны жөнінде ресми растауы тиіс. Осынау міндетті медициналық куәлік пен қажылыққа қатысуға виза рәсімдеудің тиісті қорытындысын алмағандар қасиетті сапарға бара алмайды. Сонымен қандай ауруы бар науқастар қажылыққа жіберілмейді? Диалезді қажет ететін бүйрек жеткіліксіздігінен, жүрек жеткіліксіздігінен зардап шегетіндер, оттегіні ұдайы қажет ететін созылмалы өкпе дертіне шалдыққандар, бауыр жеткіліксіздігі белгісі бар бауыр цирррозының ауыр түрінен зардап шегетіндер, адамның бағыты мен қимыл-қозғалысына кедергі келтіретін неврологиялық дертке шалдыққандар, алжу ауруына ұшырағандар қажылыққа жіберілмейді. Бұдан бөлек, босануына үш ай қалған аяғы ауыр әйелдер мен жүктілік кезінде кез келген сәтте денсаулығы сыр беретін жүкті әйелдер, химиялық терапия алуды және иммуносупрессивті процедураны қажет ететін қатерлі ісіктің ауыр сатысына өткендер, туберкулездің ашық түрімен ауыратындар, геморрагиялық қызбадан зардап шегетіндер қажылыққа жіберілмейді.

0 пікір
Мұрағат