|
Қажылыққа рұқсатсыз барғандарға айыппұл салынады
|
Саудияның қаупісздік қызметі тиісті орындардан рұқсат алмай қажылығын өтегісі келгендерге 2666 доллар айыппұл салынатынын ескертті. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудия билігінің ресми өкілі, бригадалық генерал Сәми бен Мұхаммед әл-Шұғайыр Твиттер әлеуметтік желісінде қажылыққа қатысты нұсқаулықтарды қатаң сақтауға шақырды.