Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
2 сағат бұрын 37 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

“Корол Салман қақпасы” (King Salman Gate) деп аталатын жоба - қасиетті Мекке тарихындағы аса ірі қала құрылысына қатысты бастама ретінде алға шығады. Бұл жайында islam.kz порталы Islamosfera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылдың (2025) қазан айында тақ мұрагері Мұхаммед Салманның пәрменімен қабылданған жоба бойынша исі мұсылман қастер тұтатын қаланың 12 шаршы шақырымды құрайтын, Харам мешітімен түйісетін аумағы түбегейлі өзгеруі тиіс. Тақ мұрагерінің тікелей мұрындық болуымен жүргізіліп жатқан әлеуметтік және экономикалық реформалар мен «Vision 2030» стратегиясының маңызды бөлігіне жататын аталмыш жоба ең әуелі қажыларға жағдай жасау мақсатында қолға алынып жатыр. Жобаға сәйкес ғимараттардың ішінде және сыртында бір мезгілде 900 000 адам намаз оқи аалады, тұрғынүй мұнаралары, премиум-класс санатындағы қонақ үйлер, сауда аймақтары мен миллиондаған қажылық жасаушыларға және қала тұрғындарына қызмет көрсетуге арналған мәдени көрікті орындар орналастырылады. Бұдан басқа, 2036 жылға қарай King Salman Gate құрылыста, туризмде және қызмет көрсету саласының өсуін ынталандыра отырып, 300 000-нан астам жұмыс орны ашылуы тиіс. Жоба 19 000 м ² аумақтағы мәдени маңызы бар нысандарды оңалту бағдарламасын қамтығандықтан, ол тарихи мұраны сақтауға септігін тигізеді. Қажыларға арналғанына қарамастан бұл бастама бірнеше бағыт бойынша сынға ұшырап отыр. Наразылық білдірушілер Меккенің қымбат қонақ үйлері мен сауда орталықтары айналып келгенде «элиталық мегаполиске», байлар үшін «діни Диснейлендке» айналатынын алға тартып отыр. Люкс кластағы жобалар мен қонақ үйлердің шарықтаған бағасын қажылардың “қалтасы көтере алмауы” мүмкін. Бұдан басқа, бұл жоба исламдағы қарапайымдылық пен теңдік рухына қайшы келетінін алға тартып отыр.

 

0 пікір
Мұрағат