Қақпақылдан қапқанға...
Қақпақылдан қапқанға...
2 сағат бұрын 42 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Украинадағы соғысты аяқтауға қатысты келіссөздер өзінің қатерлі де шарықтау шегіне жетіп қалды. Дегенмен, «ат құйрығын кесіспей кететін» деңгейге әлі жете қойған жоқ. Бұл жайында islam.kz порталы мәлім етеді. Украинадағы соғыстқа қатысты келіссөздер қатерлі кезеңіне таяп қалғанымен түпкілікті шешім қабылданатын шаққа әлі иек артқан емес. Яғни, біржола дипломатиялық қатынасты үзетін, бітіспейтін кезең туа қойған жоқ. Қазіргі уақытта келіссөз тізгінін Америка құрама штаттарының қолында: Киевке қысымды арттыру арқылы майдан даласындағы ахуалдың ресейліктердің пайдасына шешілуіне жағдай жасап келеді. Дәлірегі, соғысты созу арқылы, яғни, уақыттан ұту арқылы майдан даласында үстемдік алса, келіссөзде Кремл талаптары мен шарттарын қатаңдатуға мүмкіндік алады. Ресейдің ығына жығылмаса да мүддесін күйттейтін Ақ үй қожайыны Доналд Трамптың бейресми каналдар мен өзінің айналасындағылар арқылы диалог орнатуды көздеген талпынысынан нәтиже шықпаған соң енді америкалықтардың ресми институттары да тартылып жатыр бұл процеске. Осылайша Зеленскидің табандылығының арқасында келіссөздің алғашқы қаупті кезеңінен өтті. Осылайша ресми институттардың келіссіөзге атсалысуы өз кезегінде Америка құрама штаттарының соғысты аяқтауға нақты ден қойғанын, соғыстың аяқталуына шын мүдделі екенін танытады. Украина тағдырын тәлкекке салған екі  алып державаның арасынан жол тауып, саяси тығырық пен тұзақтан аман шыққан Зеленский түрлі арандату әрекеттеріне лайықты тойтарыс беруде. Соғыс уақытында сайлау секілді саяси науқандарға жол жоқ. Соған қарамастан саяси доданы желеу еткен АҚШ-тың бұл талабына да көнді. Десе де сайлау науқаны уақытша болса да бейбіт кезеңді қажет етеді. Бұған Ресей көне ме (бұл өз алдына бөлек тақырып – ред.). АҚШ пен Ресейдің екі жақтап, Украинаны қақпақылдап қапанға түсіру әрекеті әзірге бұл жолы да іске аспайды.

Төменде әлеуметтік желідегі Украина соғысы туралы жүйелі түрде пікір білдіріп жүрген сарапшылардың жазбаларын қосы беруді жөн көріп отырмыз:

Нұрлан Жұмахан 

Нурлан Жумаканов 

Ресей тарапының Владимир Путиннің Валдайдағы резиденциясына Украина шабуыл жасады деген мәлімдемесі шындыққа жанаспайтынын Владимир Зеленский айтты.

Оның пікірінше, Мәскеудің мұндай қауесеттің соңына түсуі кездейсоқтық емес. Ресей билігінің бұл әрекетін Зеленский соңғы кездері Украинаның бейбіт келіссөздер бағытындағы оң нәтижелерімен байланыстырды.

– Путиннің Валдайдағы резиденциясына жасалған шабуыл ойдан шығарылған дүние. Ешқандай шабуыл болған жоқ. Бұл санкция мәселесіне байланысты ма? Мүмкін, аздап байланысты да шығар. Бірақ, меніңше, негізгі себеп басқа. Соңғы бір айдың ішінде біздің командалар өте нәтижелі келіссөздер жүргізді, оның түйіні ретінде президент Трамппен болған кездесуімізді айтуға болады. Қазір екі жақтың кеңесшілері 3 қаңтардан бастап осы келіссөздер қорытындысы бойынша жұмыс жүргізуде, – деді Зеленский.

Сондай-ақ Украина президенті еуропалық әріптестерімен жоғары деңгейдегі кездесулердің жалғасып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, басты мақсат – қаңтар айында нақты әрі батыл қадамдар арқылы соғысты аяқтауға бағытталған шешімдерді дайындау.

– Біз қазір барлық мәселені пысықтап жатырмыз, болашақта бәріміз бас қосып, ортақ шешімдер қабылдасақ дейміз. Жаңа жыл басында нақты әрекеттер көргіміз келеді, – деп нақтылады ол.

Дегенмен Зеленский ресейлік тараптың Валдайға қатысты жалған мәлімдемелері америкалық «Томагавк» зымырандарын Украинаға жеткізу мәселесіне байланысты ма, жоқ па оған нақты жауап бере алмайтынын айтты. Бірақ ол соңғы кездесулер мен дайындалып жатқан құжаттардың Украина үшін оң нәтижелер әкелетіні анық болғандықтан, Мәскеу осындай жалған айыптар арқылы жағдайды кері бұруды көздеп отырғанын алға тартты.

Сонымен қатар Зеленский халықаралық аренадағы кейбір елдердің екіжақты ұстанымына таңданысын жасыра алмады. Үндістан мен Біріккен Араб Әмірліктері секілді мемлекеттер Украина Валдайдағы резиденцияға шабуыл жасады деп айыптауға асыққанымен, осы күнге дейін бейбіт украиналықтарды өлтіріп жатқан Ресейдің әрекетін бір де бір рет қатаң айыптамағанын сынға алды.

– Ең өкініштісі, Үндістан мен Әмірліктер сияқты елдердің біздің дрондарымыз Валдайдағы резиденцияға шабуылдады деген өтірікке бірден сене қалып, айыптағаны. Олар Украинада бейбіт тұрғындар мен балалардың қырылып жатқанына қатысты үнсіз отыр. Осы елдердің Ресейдің әрекетін айыптағанын бірде-бір рет естімеппін, – деді Зеленский.

Украина сыртқы істер министрлігінің өкілі Георгий Тихий болса, мұны Ресейдің бейбіт келісімдерден бас тартуға бағытталған кезекті ойыны деп бағалады.

“Адырна” ұлттық порталы

Қуаныш Еділхантегі

Кешегі саммиттің басты қорытындысы: Зеленскийдің айкидо әдісі жемісін берді. Әрине, қандай әдіс қолдану, қалай қолдану, оған осы тап кәзір мүмкіндік бар ма - мұның бәрі Еуропа көшбасшыларымен ақылдаса келе ойлап табылған ұжымдық шешімнің жемісі. Кәзіргі жағдайды барынша саралай келе, Трамп пен Путиннің бір-бірімен қоян-қолтық ақылдаса отырып жасаған жүрістеріне қарсы ең ұтымды шешім осы болып шықты.

Бұл неден көрініс береді, неге олай ойлайсыз дегендер болып жатса кейінірек кеңейтілген түсініктеме жазуым мүмкін, әзірге осымен тоқталамын. Сонда қандай жетістік дейсіз ғой? Көмек бұрынғы бағытта жалғаса береді. Еуропа Украинамен бірге, ол оны осынау қиын күндерде тастап кетпеді, жалғыз қалдырмады.

Бәрі басқаша болуы да мүмкін еді. Украина тәуекелге бара отырып, барлық шарттарын түгелге жуық қабылдай отырып, Путин мен Трампқа тіпті де саңылау қалдырмады: сайлау деп еді - мархабат; жер деп еді - референдум арқылы мархабат; майданда түйісу сызығынан әскерін алып кету деп еді - оған да мархабат!

Референдумда басты негізгі шарт - 60 күнге атысты тоқтату, онсыз референдум өткізу мүмкін емес. Күн сайын төбеңнен бомба жауып тұрғанда сайлау учаскесін қалай ұйымдастырарсың? Окопта жатқан солдат қалай дауыс берер еді? Шетелге бас сауғалап кеткен украин азаматы қалай дауыс берер еді? Әйтеуір алдыңнан млн сұрақ андыздап шыға келеді. Ал жауап бер. Атысты тоқтат. Айкидо әдісі дегеніміз осы.

0 пікір
Мұрағат