|
Қасиетті Рамазан айында мыңға тарта тұтқынға рақымшылық жасалады
|
Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі түрмелер мен түзету мекемелерінде жаза басып, жазасын өтеп жатқандардан 935 тұтқынға рақымшылық жасамақ. Қасиетті айдың құрметіне. Бұл жайында WAM мемлекетік ақпарат агенттігі хабар таратты. Әбу-Даби әмірлігінің басшысы, БАӘ президенті, шейх Халифа бен Зайд әл Наһайян тұтқындарға өмірін басқаша бастауына мүмкіндік беру керектігін алға тартып отыр.