Қолтырауындар мен алып жыландар қоршаған түрме салынады
Қолтырауындар мен алып жыландар қоршаған түрме салынады
13 күн бұрын 395 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ерекше түрме Америка құрама штаттары аумағындағы шамамен 200 қолтырауын мен питон мекендейтін батпақ ортасында түрме салынбақ. Бұл жайында islam.kz порталы yenisafak.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ үкіметі Флоридадағы Эверглейдс ұлттық бағында 5000 мигрантқа арналған түрме құрылысының жобасын мақұлдап бекітті. Жалпы аумағы 100 шаршы метрге жететін нысан Alligator Alcatraz деп аталмақ әрі жылына 450 млн доллар жұмсалмақ. Айрықша түрме батпақпен қоршалған, қаңырап қалған әуежай аумағында тұрғызылады. Түрме шілде айының бас кезінде ашылады. Аталмыш жоба тұтқындардың уақытша тұрақ табатын орнына айналмақ. Флориданың бас прокуроры Жеймс Утмирдің айтуынша, уақытқа оқшаулау орталығы иммигранттарға арналған. Дегенмен, АҚШ билігінің бұл жобасы құқық қорғаушылар мен заңнерлер тарапынан қатаң сынға үшырап отыр. Бұдан бөлек, ұлттық бақтың экологиялық жүйесін қорғаумен айналысатын Friends of the Everglades коммерциялық емес ұйым өкілдері мен белсенділер түрменің бақта ашылатынына наразылық білдіріп,ресми петиция тапсырды.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3