Қорғаныс саласына арналған акциялар жартылай өткізгіштер акциясын басып озды
Қорғаныс саласына арналған акциялар жартылай өткізгіштер акциясын басып озды
1 сағат бұрын 31 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Cheonmu Guided Missile, a multiple rocket launcher. /Courtesy of Hanwha Aerospace

Қорғаныс саласы бойынша акциялар жартылай өткізгіштер акциясын басып озып, қор нарығының негізгі орталығына айналды. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік Кореяда Samsung Electronics және SK Hynix сияқты жартылай өткізгіш саланың ірі отандық акциялары күрт өсуден кейін шектеулі сауда диапазонында қалғанымен, капитал қорғаныс акцияларына қарай жылжып, осы сала табысының өсуіне ықпал етті. Корей биржасының 13-ші күнгі мәліметі бойынша, отандық жетекші қорғаныс акциясы Hanwha Aerospace соңғы аптада 21,56% -ға өскен. Салыстыру үшін алсақ, Samsung Electronics осы кезеңде 2,59% -ға, ал SK Hynix - 8,55% -ға өсті. Таңғы шық елінің қорғаныс саласының негізгі ойыншылары - LIG Nex1 19,91% -ға, ал Korea Aerospace Industries 25,12% -ға өсті. Өткен жылдың қазан айынан бері KOSPI бағамы көтеріліп келе жатқанда салыстырмалы түрде екінші орынға жылжытылған қорғаныс акциялары биыл қарқын алып келеді. Қорғаныс акцияларының өсуі де ETF кірістілігінде көрініс тапқан. Koscom компаниясының 13-ші ETF Check дерегіне сәйкес өткен аптада ETF ішкі кірістілігі бойынша топ-рейтингтерде үстем болды. «SOL K Defense» 16,3% -бен көш бастады, одан кейін «PLUS Space Aviation & UAM» (15,81%), «PLUS K Defense» (15,56%), «KODEX K Defense TOP10» (14,89%) және «TIGER K Defense & Space» '(14,72%). Бұған геосаяси ахуалдың ушығуы тікелей себеп болған. Әсіресе, Америка құрама штаттарының соңғы айдағы жүргізген әскери операциялары (Венесуэла президентін тұтқындауы, Гренландия аралын сатып алу мақсаты, т.б.) қорғаныс саласының акцияларын күрт өсіріп жіберген. Бұдан бөлек, АҚШ ұлттық қорғаныс саласына шығынды келесі 2027 жылы көтеретінін (1,5 трлн долларға дейін) мәлімдегеннен кейін күллі әлем өздерінің әскери бюджетін қайта қарастыруы мүмкін. Бұған қоса, Ирандағы толқу мен Иаяу Шығыс аймағындағы шиеленіс те қорғаныс саласының маңызын арттыруда.

0 пікір
Мұрағат