|
Құл балалар дерегі
|
Қазіргі уақытта әлемде 152 млн бала құлдың есебінде. Бұл мәлімет Біріккен Ұлттар Ұйымының осы заманғы құлдықтың түрлері туралы мәселені көтерген Урмила Бхооланың арнайы баяндамасында келтірілген. Осы бағытта жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, кәмелет жасына толмағандардан құлдықта жүрген 64 млн қыз бала мен 88 млн ұл балалардың арасында 5-11 жастағылардың қарасы көп. Жалпы алғанда, әлем бойынша әрбір оныншы бала еңбек құлдығына жегілген. Сондай-ақ, сексуалды құлдықта жүрген балалардың да саны жағаңды ұстатады - 5,7 млн. Балаларды еңбек және сексуалды құлдықта ұстау Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдер мен Африка құрлығында өркен жайған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды