Құлша жұмысқа жегуді дронның көмегімен тоқтатпақ
Құлша жұмысқа жегуді дронның көмегімен тоқтатпақ
10 жыл бұрын 3555

Бразилия билігі шалғайдағы ауылдық жерлердегі адамдарды еңбегін қанаумен, яғни, құлша жұмысқа жегумен дронның көмегімен күресуге бел байлап отыр. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы хабар таратты. Үстіміздегі жылдың тамыз айынан бері Рио-де-Жанейрода ұшқышсыз ұшатын аппараттардың алтауы осы мақсатта камерамен жабдықталған. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, дрон жұмысшылар құқығының бұзылмауын қадағалайтын еңбек инспекторларын алмастыра алмасы анық. Десе де жету қиынға соғатын ауылдық жерлердегі жағдайды бақылап отыруға мүмкіндік алады. Жуырда бұл елде жұмысшыларын мәжбүрлеп жұмысқа жегетін компаниялардың қара тізімі жасалды. Айта кетейік, Бразилия 1888 жылы құлдықты жойған болатын. Алайда, соған қарамастан жасырын түрде адамдардың еңбегін қанау әдеті әлі толық жойылған жоқ. Халықаралық еңбек ұйымының дерегіне қарағанда, Латын Америкасында 1,8 млн-нан аса адам амалсыздан тегін  немесе мардымсыз жалақыға жұмыс істеуге мәжбүр болып отыр. 

0 пікір
Мұрағат