|
Құран аятын әнге айналдырды
|
YouTube-де «Құранды Индонезияда осылай оқиды» деген атпен жарияланған бейнеролик мұсылмандардың наразылығын тудырды. Онда әлдебір индонезиялық әншінің қасиетті Құран аяттарын оркестрдің сүйемелдеуімен опералық әнге қосып айтқаны бейнеленген. Нақтырақ айтқанда, адамдардың түрлі ұлттардан жаратылғандығы жайындағы аяттарды (49:13) арияға айналдырып, әнге қосқан.
Мәселен, Бен Ба-Аден есімді ғаламтор пайдаланушысы: «Осындағы және бүкіл әлемдегі бауырларым. Бұл исламда жоқ сұмдық. Исламда Құранды әнге қосып айтуға рұқсат етілмейді»,- деп ашына жазыпты.
«Құранды әнге айналдыру! Құдай жазаңды берсін!»- деп жазған екен DonCorleoneQ8 деген бүркеншек аттың иесі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады