|
Құранды дәретхана унитазына тастаған
|
Немістердің Зул қаласында жаға ұстатарлық жағдай орын алды: босқын ер адам қасиетті Құран кітабының парақтарын жыртып, дәретхана унитазына тастаған. Оның бұл әрекеті өз кезегінде уақытша пана болатын жергілікті лагердегі босқын мұсылмандардың ашу-ызасын тудырды. Бұл жайында IslamNews ақпарат көзі The Daily Mail басылымына сілтеме жасай отырып хабар таратты. Ондаған мұсылман қасиетті Құран кітабын қорлаған ауған жігітінің соңынан қуды. Нәтижесінде ауған жігітін лагер күзетшісі тоқтатқан. Ал дені сириялық босқындардан тұратын қуғыншылар ауған жігітін талап етіп, күзетшілермен және тәртіп сақшыларымен қақтығысып қалды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады