Құрма өндіруден және экспорттаудан қай ел бірінші орыннан көрінді
Құрма өндіруден және экспорттаудан қай ел бірінші орыннан көрінді
15 күн бұрын 848 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иран құрма өндірісі пен экспорты бойынша Саудия мен Біріккен Араб Әмірліктерін артқа тастап, бірінші орынға шықты. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иранның құрма жөніндегі ұлттық жұмысшы тобының мүшесі Әбілқасым Мүхамедзада келтірген дерекке қарағанда, Иран аумағында жыл сайын 1,5 млн тонна құрма өндіріледі – 300 мың гектар аумақта. Осынша құрманың 430 мың тоннасы сыртқа тасымалданып, құрма өндірісі бойынша ғана емес, сонымен қатар, экспорты бойынша бірінші орынға шыққан. Ираннан кейінгі орыннан Саудия көрінген: жылына 390 мың тонна құрма экспорттайды. Ал үшінші орынға жайғасқан БАӘ жылына 330 мың тоннасын сыртқа шығарады. Иран құрма экспортынан жылына шамамен 430 млн доллар табыс табады.

0 пікір
Мұрағат