|
Құрсағынан шыққан сегіз баланың өліміне кінәлі фарнцуз әйелі абақтыға жабылды
|
Француздық үй шаруашылығындағы 51 жастағы Доминик Коттре (Dominique Cottrez) есімді әйел құрсағынан шыққан сегіз баланың өліміне кінәлі деп танылды және соттың үкімімен абақтыға жабылды. Бұл жайында «The Local» ақпарат көзі хабар таратты. Яғни, бұрын медбике болып жұмыс істеген ол 1989-2000 жылдар аралығында сегіз рет құрсақ көтеріп, олардың бәрін өз қолымен өлтірген. Доминик бала кезінен бері өзімен жыныстық қатынас жасап келген әкесінен (қайтыс болған 2007 жылға дейін) бала көтеріп қалдым ба деген үреймен әлгіндей қадамға барған. Алайда, тест барлық баланың әкесі – жолдасы Пьерра-Мари Коттреден (Pierre-Marie Cottrez) екенін анықтап берген. Доминиктің толық болуына байланысты ешкім оның аяғы ауыр екенін байқамаған. Тіпті, екі қызы мен күйеуі де аңғармаған. Ол шараналарды тұншықтырып өлтіріп, жақын маңда көміп тастаған. 2010 жылдың шілде айында Виллер-о-Тетр қаласындағы оның әке-шешесінің үйіне жаңа қожайын көшіп келмегенде бұл қылмыс сол күйі ашылмай кетер ме еді... Үйдің жаңа қожайыны бақта жер қазып жүріп, пластикалық қапқа салынған шараналардың мүрдесін тауып алған. Алты шарананың өлі денесі Доминик Коттренің өз үйінен, дәлірегі, гараждан, шкафтан табылған. Тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр.