|
Қырғыз имамдары жалақы алатын болды
|
Қырғыз имамдары жалақы алатын болды. Мемлекеттік комиссияның Дін істері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Бақтыбек Османованың айтуынша, діни экстремизм профилактикасы үшін имамдарға жалақы төленуі керек. Осы мақсатта "Ыйман" деп аталатын арнайы қор құрылды. Имамдарға жалақы осы қордан төленетін болады. Мемлекеттің қазынасынан бірде-бір тиын шығын шықпайды. Имамдарға төленетін жалақы шығынын демеушілер көтеріп алады. Сыйақыны аттестациядан және мемлекеттік тіркеуден өткен мешіттерде қызмет ететін имамдар ғана алатын болады. Бұған қоса, қырғыз медреселерінде діни іліммен қатар зайырлы білім беру жоспарланып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр