Қырғызстанда жыныс ауыстыру операцияларына тыйым салынады
Қырғызстанда жыныс ауыстыру операцияларына тыйым салынады
8 сағат бұрын 92 24.kz kaz.inform.kz Айнұр Тумакбаева, Зарина Туғанбаева, Айдар Оспаналиев, Еркежан Смағұлова

Қырғызстанда жынысты ауыстыруға байланысты хирургиялық операцияларға және азаматтық құжаттардағы жыныс туралы мәліметтерді өзгертуге тыйым салу қарастырылып жатыр. Тиісті заң жобасы Жогорку Кенеште бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды «24KZ».

Құжат авторларының айтуынша, заң жынысты ауыстыруға бағытталған операцияларды, гормондық терапияны және өзге де медициналық араласуларды шектеуді көздейді. Сондай-ақ, азаматтық хал актілерінде және жеке құжаттарда жыныс туралы жазбаларды өзгертуге тыйым салу ұсынылған.

Жобаға сәйкес мұндай медициналық араласулар тек туа біткен анатомиялық ауытқуларды емдеу жағдайында ғана рұқсат етілуі мүмкін. Ал құжаттарға өзгерістер енгізу дәрігерлік комиссияның қорытындысы мен сот шешімі негізінде жүзеге асуы ықтимал.

Қырғызстанда қоғамдық орындардағы әдепсіз қылықтар үшін жаза күшейтілмек
KAZINFORM — Қырғызстанда қоғамдық орындардағы әдепсіз әрекеттер үшін айыппұл мен бас бостандығынан айыру жазасын енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.

Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Бастама ел заңнамасындағы олқылықтарды жоюға бағытталған. Себебі қазіргі таңда Қырғызстанда қоғамдық орындарда өзге адамның келісімінсіз жасалатын сексуалдық сипаттағы әрекеттер үшін нақты жаза тетігі қарастырылмаған. Оларға қажетсіз жанасу, әдепсіз физикалық байланыс, жыныс мүшелерін көрсету, аңду (сталкинг) немесе адамның ар-намысына нұқсан келтіріп, оны қорқытуға, кемсітуге не қорлауға бағытталған өзге де әрекеттер жатады.

Құжатқа сәйкес, мұндай құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған жеке тұлғаларға 20 мың сом (107 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салу немесе 3 тәуліктен 7 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Ал бір жыл ішінде сексуалдық сипаттағы әрекеттерді қайта жасағандар 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ ұсынылып отырған нормалар 16 жасқа толмаған балаларға қатысты қылмыстарға қолданылмайтыны атап өтілді. Мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексіндегі қолданыстағы баптармен реттеледі.

Бұған дейін елде сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылғаны хабарланған болатын.

Сонымен қатар, Қырғызстанда некеге тұрмас бұрын міндетті тексеруден өтуді енгізу ұсынылғанын жазған болатынбыз.

Қырғызстан сталкинг үшін айыппұл мен бас бостандығынан айыру жазасын енгізбекші 

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстан қудалау үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Kazinform-ның Бішкектегі меншікті тілшісі. 

Тиісті заң жобасын Жоғарғы Кенештің (Парламент) депутаттары әзірлеп, ол қоғамдық талқылауға ұсынылды. 

Атап өтілгендей, елдің қолданыстағы заңнамасында тұлғаны оның еркіне қарсы жүйелі түрде қудалауды қамтитын қылмыс құрамы жоқ. 

Түзетулерге сәйкес, қылмыстық заңнамаға алғаш рет «сталкинг» ұғымы енгізіліп, ол үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейді. 

Нақтырақ айтқанда: 

  • Сталкинг – яғни адамды заңсыз қудалау, оның еркіне қарсы онымен байланыс орнату немесе бақылаумен қатар жүру, оның ішінде интернетті қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы, физикалық зорлық-зомбылықсыз, адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, физикалық немесе психикалық азап шегуге немесе материалдық залал келтіруге әкеп соқтырса, алты айдан бір жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе 20 мыңнан 50 мың сомға дейін (106 мыңнан 264 мың теңгеге дейін) айыппұл салумен жазаланады. 
  • айтарлықтай материалдық залал келтірген немесе 14 пен 18 жас аралығындағы балаға немесе жүкті әйелге қатысты жасалған сталкинг үшін бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығын шектеу, 50 мыңнан 100 мың сомға дейін (264 мыңнан 529 мың теңгеге дейін) айыппұл немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 
  • 14 жасқа толмаған балаға қатысты, жалданып немесе қызметтік жағдайын теріс пайдалану арқылы жасалған қудалау үшін үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру, үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Сталкинг – сезім емес, жүйелі қудалау, аңду және психологиялық қысымның қылмыстық көрінісі. Kazinform тілшісі қауіпті құбылыстың себеп-салдарын сарапшылармен бірге талдаған еді. Толығырақ мына сілтемеден оқыңыз.

0 пікір
Мұрағат