Қырғызстанда шариғи тұтыну несиесі жыл басынан бері 60%-ға өсті
Қырғызстанда шариғи тұтыну несиесі жыл басынан бері 60%-ға өсті
4 ай бұрын 547 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қырғызстандағы ислами қаржы сегменті биыл шапшаң өсіп келеді. Бұл жайында islam.kz порталы fintech-retail.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2025 жылдың алғашқы айының қорытындысы бойынша шариғи талаптарға сай жасалған мәмілелер ауқымы 12,8 млрд сомға жетіп, 41%-ға артқан. Ал бұл көрсеткіш өткен жылдың соңында 9 млрд сомадан аспап еді. Ең елеулі өсім тұтыну сегментінде байқалған: мұнда қаржыландыру мөлшері 60% -ға - 2,6 млрд сомға дейін ұлғайды. Бұл ретте ипотека бұрынғысынша алдыңғы орында тұр: оның көлемі 4,5 млрд сомды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылғы деңгейден 39% -ға жоғары.

Басқа секторларда да едәуір өсу байқалды:

• өнеркәсіп - 400 млн сом (+ 7,8%)

• агросектор - 1,8 млрд сом (+ 34,1%)

• сауда - 1,2 млрд сом (+ 25,9%)

• құрылыс - 700 млн сом (+ 33%)

• басқа бағыттар - 1,6 млрд сом (+ 55,8%)

Ең басты себеп – жергілікті халықтың денін мұсылмандар құрайды. Шариғи талаптарды басшылыққа алады. Екіншіден – өсімқорлық жоқ және ашықтық.

 

0 пікір
Мұрағат