Қырынғаннан кейін терісі тітіркенетін сарбаздарды әскерден қуады
Қырынғаннан кейін терісі тітіркенетін сарбаздарды әскерден қуады
14 күн бұрын 432 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Oleg Popov / Reuters

Америка құрама штаттарында сақалын ұстарамен алғаннан кейін, яғни, қырынғаннан кейін псевдофолликулиттен (терісі тітіркенетін) зардап шегетін сарбаздарды мәжбүрлі түрде эпиляцияға жібереді немесе әскер қатарынан босатады. Бұл жайында islam.kz порталы Military.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Екі жыл ішінде 12 айдан аса уақыт қырынудан босатуды қажет ететіндер әскерден қуылуы мүмкін», деп айтылған хабарламада. Сондай-ақ, хабарламада қырынудан кейін терісі тітіркенетіндердің 60 пайыздан астамы қара нәсілді ерлер екені де айтылған. Америкалық дерматология колледжінің мамандары қырынудан кейін терінің тітіркеуіне қарсы лазермен емдеу процедурасы тыртық қалдыруы мүмкін әрі терінің пигментациясын өзгертуі ықтимал екенін жеткізді. Десе де аты-жөнін жасырған аға унтер-офицерлердің бірі бұл ереженің түп-төркіні нәсілдік алалаушылыққа барып тірелетінін мәлімдеді. Осы орайда Air Force News ақпарат көзінің жазғанын, дәлірегі, АҚШ-тың әскери әуе күштері Харпритиндер Сингх Бәжуа (Harpreetinder Singh Bajwa) есімді тегі сикх америкалық ұшқышқа 2017 жылы сақал өсіруге рұқсат бермей артынан сақал өсіруге де, тақия киюге де рұқсат бергенін айта кетпекпіз. Өйткені, ол АҚШ аумағында иммигрант отбасында дүниеге келген еді. Ал The Independent ақпарат көзінің жазуынша, 2017 жылы мұсылмандар мен сикхтерді қарулы күштер сапына тарту мақсатында әскери мұсылмандар мен сикхтерге сақал өсіруге (оның өзінде бес сантимерден асырмауға) және әскер қатарындағы мұсылман әйелдерге шариғат шәлісін тағып жүруіне рұқсат бергенін де айта кету керек.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3