Қытай Азия мен Еурпопаны жалғайтын құрлықтық «Суэц каналының» нұсқасын салады
Қытай Азия мен Еурпопаны жалғайтын құрлықтық «Суэц каналының» нұсқасын салады
3 ай бұрын 644 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Workers build the China World Trade Centre and the Xiong'an railway station connected to Beijing Daxing International Airport / 30 August 2025 © Mahesh Kumar A./ AP.

Қытайдың Шинсун қаласы құрлықтағы сауда-саттық жолының аса ірі торабына айналуы мүмкін. Сарапшылардың кейбіреуі бұл тораптың жаңа Суэц каналына айналу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл теміржол желісі Азиядағы ең маңызды логистикалық торап бола алады. Аталған ақпарат көзінің жазуынша, бұл қала аз уақыт ішінде Қытайдың сауда желісінің стратегиялық аймағына айналған. Осы қарқынынан таймаса, батыс инвесторлары тарапынан қаржы тартылуы ықтимал. Бұл қалада күн сайын жүздеген жүк қабылданып, жөнелтіліп, тиеліп жатады – Вьетнам, Сингапур секілді оңтүстік-шығыс елдерін Германия, Полша сияқты еуропалық елдерді жылдамдығы жоғары пойыздар арқылы байланысады. Ең басты артықшылығы – жүкті діттеген жеріне жеткізу мерзімі көп қысқарған. Құрлық арқылы әдеттегі сауда жолына қарағанда 10-12 күн ерте жеткізеді әрі кедендік кедергілердің көбісінен айналып өтуге мүмкіндік береді. 2023 жылы АСЕАН (Оңтүстiк-шығыс Азияның 10 елi кіретін өңірлік саяси, мәдени әрі экономикалық ұйым) аса жедел пойызының іске қосылуы Ханой мен Шунсин арасындағы жеткізу уақытын бес күнге дейін қысқартты, оның ішінде тауарлар Еуропаға екі аптадан аз уақытта келеді. Шинсунның сауда-саттық бойынша стратегиялық маңызын ескермеген күннің өзінде әлемдегі ноутбуктердің үштен бір бөлігін шығаруға жауапты ірі өндірістік орталық, электрмен жүретін көлік өндірісі үшін негізгі база және Қытай автокөліктерінің төрттен бір бөлігі үшін ірі экспорттық орталық ретінде мәлім. Ал аталмыш қаланың геосаяси ауқымына келсек, Америка құрама штаттарын тарапынан жүргізілген сауда соғысы Батыстың ықпалындағы халықаралық теңіз жолдары, мысалы, Суэц каналы мен Гормуз және Малака бұғаздарына тәуелді екенін көрсетті. Тәжді тажал пандемиясы теңіздегі жеткізу тізбектерінің кез келген сәтте сыр беретінін ашып көрсетті. Бұдан бөлек, Украина мен Ресей арасындағы соғысқа байланысты қытайлар Қазақстан мен Каспи бағытындағы «Орта дәліз» жобасына ден қойып отыр. Десе де бұл жоба инфрақұрылымның нашарлығынан әлі күнге оңала алмай келеді.

0 пікір
Мұрағат