|
Қытай билігі коммунистердің санасына бақылау орнатудың тетігін тапты
|
Қытай ғалымдары адамның ми толқындары мен түр әлпетін сканерлейтін әрі осы әдіс бойынша коммунистік партияға адалдығын тексеретін немесе анықтайтын жасанды зердені жасады. Бұл жайында islam.kz порталы The Telegraph ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұл тараптағы алгоритм партия мүшесінің саяси нұсқаушының дәрісі мен насихатын қаншалықты зейін қойып тыңдайтынын және лекцияда айтылғандарға қаншалықты ынта танытанын бағалауға негізделген.