Қытай мен Үндістан арасындағы бейнебақылау камерасымен байланысты шиеленіс күшейіп келеді
Қытай мен Үндістан арасындағы бейнебақылау камерасымен байланысты шиеленіс күшейіп келеді
2 ай бұрын 1016 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Үндістан Қытай тарапынан аңду мен тыңшылықтан қауіптеніп, бейнебақылау камерасының қауіпсіздігіне қатысты қатаң ереже қабылдап жатыр. Бұл қатаң ереже екі елдің арасындағы, дәлірегі, халықаралық камера өндірушілер мен үнділердің реттеуші органдары арасындағы дау-дамайға түрткі болды. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресми қолданысқа енген құжат талаптарына және ішкі электронды мекен-жай талаптарына байланысты камера өндірушілер өздерінің өнімін, бағдарламалық жасақтамасын және мемлекеттік зертханада тексерілуі үшін бастапқы кодын ұсынуы тиіс. Үндістанның бұл саясаты өз кезегінде бейнебақылау камерасымен жабдықтауда қиындық тудырып, қаржылық шығынға жол берген. Өткен жылдың желтоқсан айында Үндістан билігі бұл ереженің нақты бір елге бағытталмағанын, елдегі қадағалау жүйесінің сапасын арттыру әрі киберқауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында қабылданғанын мәлімдеген еді. Камера өндірушілер сынақ жүргізуге кететін уақыт пен өзге де шектеулер, ұзақ уақытты алатын зауыттағы инспекциялық тексеру процедурасы және бастапқы кодты міндетті түрде тексеру процедурасы өнімнің мақұлдануында кешігу тудыратынын, бұл бизнес жоспарларға зиянын тигізетіндігін мәлімдеді. Соңғы жылдары Үндістанның қала көшелерінде, кеңселерінде және тұрғын аудандарында миллиондаған CCTV камералары орнатылды. Ресми дерекке сәйкес бір ғана Нью-Дели мегаполисінің өзінде 250,000-нан астам камера орнатылған. Өткен жылы Үндістанның CCTV камералар нарығы 3,5 миллиард доллар бағаланды, ал бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай 7 миллиард доллар жететіні болжанып отыр. Мемлекеттік сектор камералары 2024 жылдың маусым айынан бастап тестілеу талаптарына ұшырайды. Камералардың орналасу үлесіне келсек, мемлекеттік агенттіктер Үндістандағы CCTV сатылымдарының 27%-ын құрайды, ал бизнес, өнеркәсіп, қонақ үйлер және тұрғын тұтынушылар қалған 73%-на ие. Үндістан билігінің жаңа ережесі қытай өндірушілерінің өніміне қатысты коммерциялық құпияға қол сұғумен бірдей екенін атап өтті.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3