Қытай Шығыс Еуропаның тұтас өнеркәсіп саласын банкрот қылды
Қытай Шығыс Еуропаның тұтас өнеркәсіп саласын банкрот қылды
10 ай бұрын 1205 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдан келген арзан киім-кешек Шығыс Еуропаның тоқыма өнеркәсібін тұралатып тастады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Nova TV телеарнасына жөн сілтеген Rador Radio Romania ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде Болгарияның тігін фабрикалары қатты зардап шеккен. Қытайдың Shein және Temu секілді  аса ірі сауда-саттық алаңы болгар өнеркәсібіне “соққы беруде”.  Арзан қытай киіміне қымбат еуропалық бренд бәсекелесе алмай жатыр. Болгария еуропалық бренд өндірумен айналысатын елдердің бірінен саналады. Сондықтан түрлі материалдармен – мақтамен, жануар жүнімен, жібекпен сапасын арттыруға күш салатындықтан көп шығынға ұшырайды. Мұндай мүшкіл жағдай Румынияда да бар. Тігін фабрикалары жабылып, жұмыссыздық белең алып келеді. Тоқыма және тері өндірушілер қауымдастығының есебінше, бір жыл ішінде тігін кәсіпорындарының шамамен 40%-ы жабылған.

0 пікір
Мұрағат