|
Қытай Таяу Шығыстағы ықпалын күшейткісі келеді
|
Қытай Палестина мен Израил арасындағы келіссөз процесіне аралсқысы келетінін мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, бұл жайында аталған аймақтағы Қытай халық республикасының елшісі Гона Сиошена мәлім еті. Дәлірегі, Қытай елшісі Палестина басшысы Махмұд Аббаспен кездесуі кезінде Бейжіңнің ресми ұстанымын білдірген. Естеріңізге сала кетейік, Қытай әлемдік алып алты державаның бірі әрі Біріккен Ұлттар Ұйымының вето қоюға құқысы бар Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Сарапшылардың пайымдауынша, қытай билігі сириялық дағдарысты және палестина-израил арасындағы жанжалды пайдаланып, Таяу Шығыстағы өзінің ықпалын күшейтуге мүдделі. Өйткені, жуырда ғана бұл аймаққа АҚШ президенті Дональд Трамп келіп кеткен болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды