Қытай теңіздегі ұрыс барысын түбегейлі өзгертетін «елес» флотын жасақтамақ
|

Қытай инженерлері қырауар қаражат жұмсамай-ақ зымыранды алдау жүйесін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы scmp.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай флотында бұдан былай түк қиындығы жоқ, яғни, қарапайым әрі мейлінше айлалы технология қолданылады. Дәлірегі, зымыран нысанаға алынған кеменің өзімен емес, оның елесімен күреседі. Бұл ноу-хау теңіз ұрысының ережесін түбегейлі өзгертетін болады. Қытай инженерлерінің бұл айрықша технологиясының жұмыс істеу принципі барынша қарапайым келген, десе де ақылды құрылғыларды пайдалануға негізделген. Олар қарсылас радарын алдап, жалған сигналдар жібереді. Мақсат – бірнеше осындай аппараттың көмегімен радарды бір кеменің орнына бірден бірнеше кемені көруге мәжбүрлеу. Бірегей жүйенің негізгі элементі - аз қуатты құрылғы (подавител), немесе жаммер. Ол арнайы сигналды жібереді. Оның ішінде 1-биттік процессор бар - бұл кіріс радиосигналы берілген шекті мөлшерден асып кеткенін ғана анықтайтын чип. Яғни, ол барлық толқындарды күрделі құрылғылар сияқты талдамайды, тек «иә/жоқ» принципі бойынша жұмыс істейді. Осындай бірнеше жаммер (бұл бағыттағы тәжірибеде төртеу болды) нағыз кеменің айналасына орналастырылады. Олар әскери кемелерден шағылысуды имитациялайтын сигналдар жібереді. Және статикалы емес — құрылғылар арасындағы координация (үйлесу) арқылы олар динамикалық түрде өз параметрлерін өзгерте алады, сондықтан радар экранында бұл қозғалатын флот ретінде шынайы көрінеді. Мұндай тәсіл «электромагнитті орта қалыптастыру» деп аталады, өйткені, ол техниканың соғыс алаңындағы жағдайды қалай көретінін өзгертеді. Былай қарасаң, бұлл құрылғының әкетіп бара жатқан ештеңесі жоқ: шағын, жеңіл, қуатты антенналары жоқ. Есесіне олар үйірімен әрекет етеді — ақпарат алмасады, сыртқы жағдайдың өзгеруіне тез жауап қатады және құбылмалы өзгерістерге те бейімделеді. Мәселен, егер жау жағы сканерлеу жиілігін өзгертсе, жаммерлер бейімделіп, жалған мақсаттарды құруды жалғастыра алады. Бұл технология радиолокация арқылы бағытталатын зымырандарды жаңылыстыруға мүмкіндік береді. Олар фантомдық мақсаттарды назарға алып, нақты кемеден тыс ауытқып, бағдарын өзгертеді. Дегенмен, мұндай жүйенің тұстары да бар. Мысалы, осындай қарапайым сигналды түрлі дереккөздермен салыстыру жүргізетін ақылды техникалар ұста аулай алуы мүмкін. Дегенмен, қытайлық ғалымдар барлығын жетілдіруге болады, деп есептейді, егер нейрожелілерді қосып, құрылғылар арасындағы координацияны жақсартатын болса. Сонда жүйе тұрақтылығын арттырып, түрлі жағдайларға бейімделе алады.




