|
Қытайда 3 млн гектар ауылшаруашылық жері қуаңшылықтан зардап шекті
|
Қытайда қуаңшылық кезінде үш миллион гектар ауылшаруашылық жер зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚХР Су шаруашылығы министрлігінің хабарламасына сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, 200 мыңға жуық адам мен 760 мың бас ірі қара мал құрғақшылыққа байланысты ауыз судан қол үзген.
Қуаңшылық негізінен елдің солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтары – Хэбэй, Ляонин провинциялары және Ішкі Моңғолия автономиялық аймағына әсер етті.
Өткен аптада Қытайдың солтүстігінде қалыптан тыс аптап болды және ауа райы қаупінің қызыл максималды деңгейі жарияланды.
Қытай метеорологтарының болжамынша, Солтүстік Қытайда бір апта бойы жоғары температура сақталады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді
■
Үйдің қай қабатында тұратын адамдардың денсаулығы ерте сыр береді? – зерттеу
■
Климат дағдарысы Айдың Жерден алыстауын тездетті
■
Айдың Жерге қараған жағында қонақ үй пайда болады (видео)
■
Францияда өлім алғаш рет тұрғындар өсімінің көрсеткішінен асып түсті