|
Қытайда 60 мың жылға жететін, уранды алмастыратын металл табылды
|
Қытай аумағынан 60 мың жыл энергия өндіруге жететін торияның аса мол қоры табылды. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш кен орны Ішкі Моңғолияның Баян Оба тау-кен кешенінде табылған. Жалпы ұлттық зеттеу дерегіне қарағанда, кеніште 1 млн тонна тория қоры жатыр. Бұл қор алпыс мың жыл бойы күллі Қытайды энергиямен қамтамасыз етуге жетеді. Естеріңізге сала кетейік, тория әлсіз радиоактивті элемент, ол реакторларда ерітілген тұзбен бірге қолданылады. Мұндай генераторлар материалдардың радиоактивтен тозуы аз болған кезде орасан зор мөлшерде энергия өндіруге қабілетті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді
■
Үйдің қай қабатында тұратын адамдардың денсаулығы ерте сыр береді? – зерттеу
■
Климат дағдарысы Айдың Жерден алыстауын тездетті
■
Айдың Жерге қараған жағында қонақ үй пайда болады (видео)
■
Францияда өлім алғаш рет тұрғындар өсімінің көрсеткішінен асып түсті