Қытайда әлем бойынша алғашқы көмірқышқыл газбен энергия өндіретін генератор іске қосылды
Қытайда әлем бойынша алғашқы көмірқышқыл газбен энергия өндіретін генератор іске қосылды
7 күн бұрын 354 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұрын жаққан отыннан бөлінетін ыс пен түтін арқылы жоғалатын және қоршаған ортаны ластайтын энергия пайдалы электр қуатына айналды. Бұл жайында islam.kz порталы Science дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың ұлттық ядролық корпорациясы (CNNC) әлемдегі алғашқы коммерциялық көміртек диоксидінің электр генераторының желісіне қосылғанын жариялады. Генератор Гүйжоу провинциясындағы болат құю зауытында пайдалануға берілді және электр энергиясын өндіру үшін өндірістің шығатын жылуын пайдаланады. CNNC мәліметінше, әрқайсысы 15 мегаваттан екі блок әдеттегі бу электр стансаларымен салыстырғанда 50% -ға жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді. Көміртегі диоксиді - сұйықтық пен газ арасындағы күйде болатын CO2, ол екі фазаның да қасиеттеріне ие болады. Заттың жоғары тығыздығы мен жылу өткізгіштігі есебінен генератор кәдімгі бу турбиналарына қарағанда ықшам және тиімді жұмыс істей алады. «Буға қарағанда тығыз көміртегі ықшам генераторлар жасауға мүмкіндік береді, оларды, тіпті, шектеулі кеңістікте де, яғни, тар жерде же пайдалануға болады», - деп атап өтті Қытай механика институтының өкілдері. Бірегей қондырғы 700 °C жететін металл балқыту процесінің жоғары температуралық жылуын пайдаланады. Салыстыру үшін алсақ, жоғары температурадағы кәдімгі бу электр стансалары шамамен 40 пайызды көрсетеді. Аталмыш жүйенің ықшамдығы, сондай-ақ, кеңістігі шектеулі зауыттарда орнатуды жеңілдетеді. CNNC ғалымдары коммуналдық және өнеркәсіптік жүйелер үшін генераторларды жаппай шығару мүмкіндігін қарастырады. CO2 энергиясы тек атом стансаларында ғана емес, сонымен қатар, шағын келетін ұтқыр реакторларда, ғарыш аппараттарында және күн электр стансаларында да бу турбиналарын алмастыра алады. Мұндай әмбебаптық айрықша технологияның болашағын жарқын етпек. Ерекше жүйе отынды үнемдей және қоршаған ортаны ластауды азайта ете отырып, энергияның аз шығынымен жұмыс істей алады. Осындай жобалар әлемнің өзге елдерінде де сынақтан өтуде. 2023 жылы Техаста (Америка Құрама Штаттары) қуаты 10 МВт STEP пилоттық қондырғысын іске қосты. 500 °C-тегі алғашқы сынақтар 4 МВт электр энергиясын берді, ал болашақта 715 °C-тегі 10 МВт-қа шығу жоспарланған. Қытай инженерлері өнеркәсіпте қондырғының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қысым мен температураны бақылау материалдары мен жүйелерін жетілдіре отырып, жобамен он жылдан астам жұмыс істеді. Технология бұрын мүмкін болмаған қалдық (атмосфераға бөлінетін) газдардың энергиясын пайдалануға мүмкіндік береді және зауыттарда, кемелер мен ғарыш аппараттарында шағын энергетикалық модулдерді жаппай қолдануға мүмкіндік бермек.

0 пікір
Мұрағат