Қытайда ақпарат сығандарының әрекетіне ресми түрде тыйым салынды
Қытайда ақпарат сығандарының әрекетіне ресми түрде тыйым салынды
1 ай бұрын 931 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қазан айының 25-нен бастап Қытайда медицина, құқық, білім, қаржы, т.б. туралы контенттерді жариялайтын блогерлердің бұдан былай біліктілігін растайтын арнайы дипломы, лицензиясы немесе сертификаты болуын міндеттейтін ереже күшіне енді. Бұл жайында islam.kz порталы moroccoworldnews.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қандай да бір салаға қатысты деректі оқырмандарымен бөлісетін автордың контент жариялайтын құзыретінің немесе тиісті құжатының бар-жоғын Douyin, Bilibili және Weibo платформалары тексереді. Қытайдың киберкеңістік әкімшілігі қолданысқа енгізген ереже талаптарына сәйкес келмейтін кез келген материал заңсыз деп танылады. Қытай билігі осылайша ақпаратты бұрмалаумен және интернет пайдаланушалыран зиянды кеңестерден қорғаумен күреспекші. Десе де биліктің бұл шарасына сын айтушылар мен келіспейтіндердің уәжі бойынша жалған ақпаратпен күресті желеу етіп, азаматтардың ойын ашық әрі еркін айту құқығын шектейді. Ал биліктің мұндай қадамын жақтаушылардың пікірінше, маңызды әрі жауапкершілігі ауыр тақрыптар бойынша қозғалған немесе көтерілген контенттердің сапасы артады, сенімділігі артады. Осы орайда ақпарат сығандары термині нендей мағына беретінін аз-кем айта кетпекпіз: өздерін белгілі бір саланың жілігін шағып, майын ішкен маманы ретінде көрсетіп, оқырмандарына уәдені үйіп-төгіп немесе оң-терісі белгісіз бағыт көрсетіп, ел үстінен күн көретін алаяқтардың бір санаты.

0 пікір
Мұрағат