|
Қытайда аспанмен алып елес қала жүзді (видео)
|
Қытайдың Фошань елді мекенінің үстінен көкте алып елес қаланың жүзіп өткені камераға түсіріліп алынған. Бұлттар арасынан биік мұнаралы ғимараттары бар заманауи мегаполис айқын көзге түседі.
«Ертегі қаланы» бірнеше минут бойы жүздеген жергілікті тұрғын бақылаған.
Мамандардың айтуынша, бұл фата-моргана деген атауға ие сағым тәрізді.
YouTube желісіне салынған бейнероликтерге қарағанда, «аспандағы қала» Фошань елді мекенінің көгінен 7 қазанда жүзіп өтсе, 12 қазанда бұл құбылыс Цзянси провинциясының аспанынан байқалған. Ол жарты сағатқа созылған, деп хабарлайды Mysterious Universe.
Фата-моргана - бұл жердегі жанның көкжиек шегінің ар жағындағы жайттарды көретіндей жағдайлардың туындауы. Атмосфера түрлі тығыздықтағы және түрлі температурадағы қабаттардан тұратынын ескерсек, аталған қабаттардың қабысу тұсында жарықтың шағылысуы үшін қолайлы жағдайлар туындайды, сағым содан пайда болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр