|
ҚЫТАЙДА ӘУЕ ТАКСИІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕ БАСТАДЫ
|
Қытайдың Хафэй округінде тұрғындарға әуе таксиі қызмет көрсете бастады. Бұл туралы Хабар24 ақпарат көзі хабарлады.
Көлік құралы бір уақытта 5 адамды тасымалдай алады. Жоба авторларының айтуынша, такси экологиялық жағынан таза, ауаны ластамайды. Тағы бір ерекшелігі, ол кез келген алаңға ұшып, қона алады.
Айта кетейік, Қытай – жолаушыларға ресми түрде әуе таксиі қызметі ұсынып отырған алғашқы ел. Бұған дейін бірқатар елде тек ұшу сынақтары ғана жүргізілген болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай Интернет үшін міндетті цифрлық идентификаторды енгізді. Қытай неге азаматтарға «цифрлық бедел» енгізді
■
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Қорғаныс саласына арналған акциялар жартылай өткізгіштер акциясын басып озды
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты