Қытайда беймәлім, аса қауіпті вирус табылды
Қытайда беймәлім, аса қауіпті вирус табылды
29 күн бұрын 742 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Thomas Peter / Reuters

Қытайдың Юнан провинциясын мекендейтін жарқанаттан екі беймәлім хенипавирус табылды. Бұл вирустар өлім қатері аса жоғары Хендра және Нипах вирустарының жақын “туысы” болып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы PLOS Pathogens мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі Қытай аумағында тіршілік ететін жарқанаттар тінінде мұндай вирустардың толық геномы барын көрсетіп берді. Бұл тараптағы зерттеу барысында 142 жарқанаттың он түрінің бүйрегіндегі инфекциялық ахуал талдаудан өткіізілді. Адамзатқа осы уақытқа дейін беймәлім болып келген вирустардың бірі құрылымы жағынан белгілі хенипавирустарға - 75 пайызға дейінгі өлім-жітім қатерімен қоздырғыштарға неғұрлым жақын болып шықты. Екі вирус да жеміс бақшалары мен жабайы табиғатқа таяу маңда тіршілік ететін тышқандардың бойынан табылды. Вирустардан басқа бұрын белгісіз бактериялар мен паразиттер, оның ішінде ең қарапайымдылардың жаңа түрі - Klossiella yunnanensis табылды. Зерттеушілер жарқанаттардың ішкі ағзаларының микробиомасын кешенді зерттеудің маңыздылығын атап өтті, өйткені, дәл осындай аймақтар жаңа індет ошағының - жануарлардан адамға берілетін (жұғатын) инфекциялардың көзіне айналуы мүмкін.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3