|
Қытайда мазардағы жер тапшылығына байланысты қайтыс болғандарды теңізге жерлеу бизнесі өркендеп келеді
|
Қытайда теңізді жерлеу бизнесі өркен жайып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы theguardian.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мазарда жер тапшылығынан пайда болған бұл жерлеу рәсімінде адам мәйітін биологиялық тұрғыдан ыдырайтын урнаға салып, теңіз айдынына жіберіледі. Урбанизация процесінің қарқын алуы мен қалықтың қартаю процесіне байланысты жерлеуге арналған жер телімінің бағасы шарықтап тұр - 100 мың юаннан (қытайдың төл ақшасы) асып кетеді. Әлемдегі ең ірі мегаполистердің бірінен саналатын Шанхай қаласында енді бір он бес жылдан соң жерлейтін жер қалмайды. Осыған байланысты мәйітті өртеу (кремация) көрсеткіші 2015 жылғы 47%-бен салыстырғанда 2021 жылы 59%-ға жеткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тұмау вирусының жасушаға қалай жұғатыны таспаға тартылды (видео)
■
3D-принтерде басылған көздің мөлдір қабығы зағип пациенттің көру қабілетін қалпына келтірді (видео)
■
Әлемде алғаш рет биологиялық тұрғыдан ыдырайтын (шіритін) саңырауқұлақтан табыт жасалды
■
Обыр жасушаларын жоюдың тиімді әдісі табылды
■
Қытай билігі кәмелет жасына толмаған бала барғаны үшін ғибадат ғимаратын жауып тастады